КАСКО ерікті автосақтандыруы – «САҚТА» — заказ страхового полиса онлайн (online) с бесплатной доставкой — KupiPolis.kz
7072

КАСКО — «САҚТА» Ерікті автосақтандыруы

Жаңа автомобиль сатып алдыңыз да, енді оған байланысты тәуекелдерден өзіңізді қауіпсіздендіргіңіз келеді ме?

Автомобиліңізді түнге аулада немесе күзеті жоқ тұрақта қалдырып, енді оны әлде біреу зақымдап немесе ұрлап кетуінен қауіптенесіз бе?

Жолда көлікті дұрыс жүргізе алмайтын әрі ЖКО жағдайында келтірілген шығынды өтеп бере алмайтын «жүйріктер» көбейіп кетті ме?

Қажетсіз қиындықтардан, жоспарсыз шығындардан құтылудың және жүйкені сақтаудың жалғыз тәсілі – ол өз автомобиліңізді сақтандыру.

Әлемнің көптеген елдерінде өз автомобиліңді сақтандыру (КАСКО сақтандыру) жалпы қабылдаған әдетке айналды.

Көп адам үнемі КАСКО сақтандыруды міндетті сақтандырумен шатастырады. Ондай шатастыруға жол бермеу керек! Міндетті сақтандыру — ол автокөлік иесінің жауапкершілігін үшінші тұлғалар алдында сақтандыруы, басқа адамдардың мүлкі мен денсаулығына келтірген шығын үшін өтем деген сөз. Бұндай жағдайда өз автомобиліңізді өз есебіңізден жөндеуге тура келеді. Әрине, міндетті сақтандыру автомобильді ұрлап кету, табиғи апат, заңсыз әрекеттердің тәуекелінен келген шығынды жаппайды.

Сондықтан да КАСКО бойынша өз автомобиліңізді сақтандыру – бұл дұрыс шешім!

Біз Сіздерге, әрине, КАСКО бойынша сақтандырудың Қазақстандағы үздік өнімін ұсынамыз — «САҚТА» бағдарламасын!

Бағдарламаның басты үстемдіктері:

1. Бағдарламаның шарттарын жеке таңдау мүмкіндігі

Сақтандыру компанияларының көбі таңдауға бірнеше стандартты сақтандыру бағдарламаларын ұсынады. Олардың арасынан ең тиімдісін таңдау үшін әр бағдарламаны жеке оқып-білу қажет, олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай, қай бағдарламасы үздік және неліктен екенін түсіну үшін салыстыру қажет. Бұл шара көп уақыт алады және таңдауыңыз өзіңізге лайықты болуы екі талай.

Біз мүлде басқа жол ұсынамыз: Сіз тек өзіңізге қажеттіні таңдайсыз — өз автомобиліңізді сақтандыратын тәуекелдерді, франшизаның болуын, жөндеу шарттарын, сақтандыру аумағын және т.б., және қолайлы калькулятордың көмегімен оларды реттеп, сақтандыру сомасын есептейсіз. Бірнеше минутта Сіз өзіңізге қажет шарттарды таңдап, сақтандырудың өзіңізге қолайлы құнын анықтай аласыз.

2. Сақтандыру сыйақысын бөліп төлеу

Егер сақтандыру сыйақысын бірмезетте төлеу Сізге қолайсыз болса, онда біз Сізге бөліп төлеуді ұсынамыз, ондай жағдайда сақтандырудың құны артпайды.

3. Жол полициясын шақырусыз 300 мың теңгеге дейін төлем жасау

Аса көп шығын болмаған жағдайда ( 300 мың теңгеге дейін) Сізге Жол полициясын және басқа құзырлы органдарды шақырудың қажеті жоқ. Тек біздің апат комиссарымызды шақырсаңыз болғаны. Біз төлемдерді артық құжатсыз әрі қысқа мерзімде рәсімдейміз.

4. Төлемдерді алудың ыңғайлы механизмі

Көбіне төлемді ақшалай алу мәселені толықтай шешпейтіні рас. Автомобиль бұзылған, әрі ақшалай төлем оны қалпына келтірмейді. Міне, сондықтан да біз Алматыдағы жетекші фирмалық ТҚКС-мен шарт бекіттік («Астана Моторс» холдингінің «Субару Моторс» компаниясы және «ТехАртСервис» компаниясы), енді дәл ЖКО орнынан біз Сіздің көлігіңізді жөндеуге жібереміз. Оның үстіне кез-келген маркалы автомобильді. Ал «Астана Моторс» холдингінің компанияларында алынған автомобильдерге «Субару Моторста» жөндеуге бұл автомобильдерге кепілдік сақталады.

Сонымен, төлемді рәсімдеу үшін офисімізге Сіздің келуіңіздің қажеті де жоқ. Сіз бар болғаны — біздің апат комиссарымызды шақырсаңыз болғаны (кез-келген ұялы телефоннан тәулік бойы тегін 7072 нөмірі бойынша). Апат орнына келген комиссар барлық қажет құжаттарды рәсімдейді, және Сізге ТҚКС жолдама береді. Сіз автомобиліңізді онда әкелесіз де (ал егер ол жүруге жарамсыз болса – біз өз есебімізден эвакуатор ұсынамыз) қалдырасыз. Бұдан кейін, автомобиліңіз жөнделгенде, Сіз оны алып кете аласыз. ТҚКС-мен арадағы барлық құжаттарды біз өзіміз рәсімдейміз. Сізге тіпті жөндеу жұмыстарына қанша қаражат жұмсалғанын да, қалай жөнделгенін де білудің қажеті жоқ — Сіз қалпына келтірілген автомобиліңізді аласыз және басқа ештеңеге басыңызды ауыртпайсыз. Бұл тәсіл уақыт пен жүйкені тамаша үнемдейді.

5. Қауіпсіз жүгіріс

«Қауіпсіз жүгіріс» бағдарламасы Сізге өз көлігіңізді КАСКО САҚТА бойынша белгілі бір километражға сақтандыруды ұсынады, ол қашықтық біткеннен кейін сақтандыру қамқорлығы өз әрекетін тоқтатады.
Өзіңіз «жүрмеген» километрлер үшін енді төлеудің қажеті жоқ. Енді Сіз жыл бойы өтетін нақты қашықтығыңызды ғана сақтандырасыз! Үш тарифтің бірін таңдаңыз да, жеңілдіктер алыңыз:

• 5 000 км. жылына — есептелген сақтандыру сыйақысынан 30% жеңілдік.
• 10 000 км. жылына — есептелген сақтандыру сыйақысынан 20% жеңілдік.
• 15 000 км. жылына — есептелген сақтандыру сыйақысынан 10% жеңілдік.

Сіз үшін «САҚТА» бағдарламасы қаншалықты тиімді екеніне Сізді сендірдік деген ойдамыз. Онда мына тетікті басып, сақтандырудың құнын өзіңіз есептеңіз де, көз жеткізіңіз!

Есептеу мен тапсыру


Шарттың барлық ережелерімен Сақтандыру шартын оқып таныса аласыз.

Егер сұрақтарыңыз пайда болса, онда кез-келген ұялы телефоннан тәулікбойы тегін 7072 нөміріне хабарласып немесе сайттағы біздің кеңесшілерден сұраңыз.

У НАС ПРИОБРЕЛИ

0 0 0 4 4 2 4 4

СТРАХОВЫХ ПОЛИСА

 Улан ОГПО ВТС

полисін алды

 Владимир ОГПО ВТС

полисін алды